• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Шілде, 2025

Жамбыл облысындағы жер сілкінісіне байланысты жедел штаб құрылды

60 рет
көрсетілді

Бүгін сағат 14: 30-да Жамбыл облысы аумағында 2-6 балл арасында жер сілкінді. Төтенше жағдайлар министрлігі осыған байланысты өңірде жедел штаб жұмысқа кіріскенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

ТЖМ командалық орталығы және Жамбыл облысының ТЖД базасында құрылған жедел штабқа әзірге зардап шеккендер мен қирауларға қатысты ақпарат  түспеген. 

Жедел штабта Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішіевтің төрағалығымен бейнеконференция арқылы байланыс орнатылып, өңірдегі жағдай талқыланды.

Министрлік әлі де мониторингті жалғастырып жатыр. Жергілікті тұрғындар оқиғаға қатысты ақпарат пен көмек алу үшін мына нөмерлерге хабарласа алады: 

ҚР ТЖМ командалық орталығы - 87172-55-96-21

Жамбыл облысы ТЖД 8-7262-51-41-67

Соңғы жаңалықтар