1967 жылы атақты «Simon and Garfunkel» дуэті «Fakin’ It» атты музыка жазды. Әннің нақты ұзақтығы – 3 минут 14 секунд.
Бірақ сол кезеңде АҚШ-тағы көптеген радиостансалар 3 минуттан ұзақ әндерді эфирге шығарудан бас тартатын. Мұндай шектеу жарнама мен хабарламаларға көбірек уақыт қалдыру үшін енгізілген. Енді қайтпек керек? Продюсерлер ойлана келе, күйтабақта әннің ұзақтығын 2 минут 74 секунд деп көрсетеді. Бұл – математикалық тұрғыдан сол баяғы 3:14 секунд, бірақ көрген көзге 3 минуттан аспайтын сияқты әсер қалдырады. Осылайша, продюсерлер айласын асырып музыкалық цензурадан айналып өткен.