• RUB:
    6.64
  • USD:
    518.97
  • EUR:
    607.3
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 09:50

ICAO-мен серіктестік нығаяды

10 рет
көрсетілді

Премьер-министр Олжас Бектенов Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) кеңесінің Президенті Сальваторе Шаккитаномен кездесу өткізді. Олар еліміздің әуе көлігін әлемдік стандарттарға сәйкес дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтық авиацияны дамытуға және әуе көлігінің жолаушылардың барлық санатына қолжетімді болуына көп көңіл бөлетінін атап өтті. Жаңа әуежайлар мен әуеайлақтарды салу және жұмыс істеп тұрған әуежайларды жаңғырту аса маңызды.

Елімізде жүргізілген құрылымдық және заңнамалық реформалар саланы британдық модель бойынша дамыту үшін жағдай жасады. Қазақстанның авиация саласының ICAO стандарттарына сәйкестік деңгейі 2009 жылғы 47%-дан биыл 82%-ға дейін өсті, бұл көрсеткіш Польша, Чехия, Дания сияқты және тағы да басқа Еуропа мемле­кеттерінің жағдайымен салыстырыла жасалды.

«Біз халықаралық азаматтық авиация ұйы­мымен өзара іс-қимылға терең мән береміз және екіжақты ынтымақтастығымызды авиация саласын дамытуды қамтамасыз етудегі стратегиялық басымдық ретінде қарастырамыз»,  деп атап өтті О.Бектенов.

Өз кезегінде Халықаралық азаматтық авиа­ция ұйымы кеңесінің Президенті Сальваторе Шаккитано Қазақстанда азаматтық авиацияны дамыту бойынша жүргізілген жұмыстарға оң баға беріп, елімізбен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін білдірді.

«Қазақстанда кейінгі бірнеше жылда авиация секторында айтарлықтай ілгерілеу байқалады. Жүйе қалыпты жұмыс істейді, елдің көрсеткіштері орташа жаһандық көрсеткіштен жоғары. Біз елдің авиация саласын одан әрі дамытуға дайынбыз. ICAO басымдықтарының бірі – Тұрақты даму мақсаттары контекстінде көлікті дамытуды қолдау. Шығарындылардың нөлдік деңгейіне жету үшін біз тұрақты «жасыл» отынды көбірек пайдалануымыз керек. Осы бағытта бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз»,  деп атап өтті С.Шаккитано.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестік байланыстарды жан-жақты дамыту және тереңдету ниеттерін растады.