Жезқазғанда кәмелетке толмаған бірнеше жасөспірім балалар ойын алаңындағы сырғанақты өртеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға Түсіпбеков көшесінде болған. Бейнежазбада балалардың сырғанақтың астына шүберек қойып, оны өртегені анық көрінеді. Қысқа уақыт ішінде жалын пластиктен жасалған құрылымды шарпып, жақын маңдағы орындықтарға тараған.
Жезқазған қалалық полиция басқармасы оқиғаға қатысы бар жасөспірімдердің тұлғасын анықтаған. Аталған факті бойынша олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Өскемен қаласында жанармай құю бекетінде ер адам абайсызда өз көлігін өртеп жіберген еді. Ол жанармай құю кезінде көліктің жанында оттықпен тұрған сәтінде көлік отқа оранған.