• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Шілде, 2025

Астанадағы Орталық саябақ жолына жөндеу жүргізіледі

20 рет
көрсетілді

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Орталық саябақ аумағындағы жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты, 9–13 шілде аралығында аталмыш учаскеде көлік қозғалысы толығымен шектеледі.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша енгізілген өзгерістерді ескеру сұралады.

Айта кетейік, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жөндеу жұмыстары кезеңінде уақытша жол белгілері мен бағыт көрсеткіштері орнатылады.