Минскіде IV Еуразиялық экономикалық форум өткізіліп, ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына арналып ұйымдастырылды. Алқалы жиынға ЕАЭО мүшеелдердің мемлекет басшылары қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Аталған форумға «Электрондық қаржы орталығы» АҚ өкілдері де қатысып, мемлекеттік сатып алу саласындағы цифрландырудың отандық тәжірибесін ортаға салды.
«ЕАЭО-дағы мемлекеттік сатып алулар: шынайылық, мүмкіндіктер және перспективалар» сессиясында «Электрондық қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Денис Свирский арнайы баяндама жасады.
«Еліміздегі электронды дүкендер арқылы сатып алу – қолжетімділікті, ашықтық пен шағын және орта бизнесті қоса алғанда, қызмет ұсынушылардың кең ауқымын тартуды аңғартады», деді Д.Свирский.
Форум кезінде компания өкілдері адал өндірушілерді қорғау мен бюджет шығыстарын оңтайландыруға бағытталған мемлекеттік сатыпалымды цифрландырудың отандық тәсілін көсертті.
Бұдан бөлек Д.Свирский тауарлардың каталогы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы әділ баға саясатын қалыптастыру мен мемлекеттік сатып алу кезінде бағаның көтерілуіне жол бермеуге мүмкіндік беретін «Баға дерекқоры» талдамалы модулін енгізу туралы айтты.