• RUB:
    6.66
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.91
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 12:20

Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды

20 рет
көрсетілді

Сот Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльді өткен жылдың желтоқсан айында әскери жағдай енгізу әрекеті үшін қамауға алу туралы ордер берді, деп хабарлайды Egemen.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

 

Сеулдің Орталық округтік соты арнайы прокурор Чо Ын Соктың өтініші негізінде экс-президентті тұтқындауға рұқсат берген. Сот шешімінде Юн Сок Ёльдің дәлелдерді жоюы мүмкін екені көрсетілген.

Арнайы прокурор басқаратын тергеу тобы бұрынғы мемлекет басшысына бес негізгі айып тағып отыр. Оның ішінде 3 желтоқсанда жарияланған әскери жағдай алдындағы кеңеске Министрлер кабинеті мүшелерінің тек бір бөлігін шақыру арқылы олардың құқықтарын шектеу әрекеті де бар.

Юн Сок Ёль мен оның қорғаушылары сот тыңдауына қатысып, барлық айыптауларды жоққа шығарған. Тыңдаудан кейін ол тергеу изоляторына жеткізілген.

Айта кетейік, бұл Юн Сок Ёльдің екінші рет қамауға алынуы. Алғаш рет ол қаңтар айында, президенттік өкілеттігі аяқталмаған кезде тұтқындалған болатын. Алайда наурыз айында сот шешімімен босатылған еді.