• RUB:
    6.66
  • USD:
    518.34
  • EUR:
    607.91
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 14:49

Алакөлде адамдар отырған катамаран істен шыққан

10 рет
көрсетілді

Оқыс оқиға Абай облысы Мақаншы ауданы аумағындағы Алакөл көлінде болған, деп жазады Egemen.kz.

ТЖМ мамандары патрульдеу кезінде жағалаудан 350 метр қашықтықта, су ортасында тұрып қалған 6 адам мінген катамаранды байқаған. Құтқарушылар жасөспірімдер мінген катамаранды жағаға сүйреп шығарған. 

Олар медициналық көмекке мұқтаж болмаған. 

Айта кетейік, бүгін ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алакөлдегі туристік аймақ демалушыларынан шағым көп түсетінін сынға алып, жағдайды түзеу үшін Үкіметке тапсырма берген болатын.