• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Шілде, 2025

БҚО ветеринарларына 106 көлік берілді

30 рет
көрсетілді

Мал дәрігерлерінің кәсіби мерекесі күні бағалы сыйлықты Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  ветеринария саласын дамыту жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Оралдағы оқиға – осы тапсырманың орындалып жатқанының нақты көрінісі. Ауылда тұратын ветеринар мамандарға арналған қызметтік көліктер заманауи ветеринариялық құрал-жабдықпен толық жабдықталған. Бұл болашақта елді мекендерде ветеринария қызметі жылдам әрі тиімді болуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ өңірде ауыл шаруашылығы қауіпсіздігі артып, мал ауруларының алдын алуға, ветеринариялық бақылауды күшейтуге сеп болады.

- Өңірімізде ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жүйелі жаңғыртуға кірістік. Қазір облыста жаңадан ветеринария бекеттері, мал қорымдары салынып жатыр. Соңғы екі жылда халықтың өмірін қамтамасыз ететін салалардың материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін облыстық бюджеттен 10 млрд теңге бөлініп, төтенше жағдай, орман шаруашылығы, коммуналдық шаруашылық, ветеринария, білім мен денсаулық салаларына 700-ге жуық арнайы техника сатып алынған еді. Ал биыл облыс бойынша 5 миллиард теңгеге жуық қаражатқа 200-ге жуық арнайы техника сатып алмақпыз. Соның аясында жуырда «Батысирригация» мекемесіне 18 көлік тапсырсақ, бүгін ветеринариялық стансаларға 106 арнайы техника беріп отырмыз, - деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Батыс Қазақстан облысы