Ұлыбританияның Саутэнд әуежайында Нидерландқа бағыт алған Beech B200 Super King Air ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Flightradar деректеріне сүйенсек, Лелистад қаласына қатынайтын рейс жергілікті уақытпен 15:45-те ұшуы тиіс болған, алайда он минутқа кешіктірілген. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай апатқа ұшыраған.
Beechcraft King Air B200 ұшағы 7–9 жолаушыны тасымалдай алады. Қазіргі уақытта бортта кімдердің болғаны және зардап шеккендер мен қаза тапқандар жайлы мәлімет нақтыланып жатыр.
Оқиғаға қатысты тергеу амалдары басталды.