• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 10:10

Грант конкурсына қанша талапкер құжат тапсырды

30 рет
көрсетілді

Ғылым және жоғары білім министрлігі 13 шілдеде, 1 күнде 10 мыңнан астам талапкер грант конкурсына құжат тапсырып үлгергенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Құжат қабылдау 20 шілдеге дейін жалғасады. 

Бірінші күннің қорытындысы бойынша, талапкерлер ең көп өтінішті «Педагогикалық ғылымдар» және «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» бағыттарына берген. 

Биыл құжаттарды egov.kz порталы арқылы онлайн немесе жоғары оқу орындарындағы қабылдау орталықтары арқылы (кез келген жақын орналасқан ЖОО-да) тапсыруға болады.

Айта кетейік, грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын, 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері үшін диплом) тапсыру керек. Ал жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар қоса ұсынылуы тиіс.