• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Кеше

Трамп Зеленскийге Мәскеуге соққы жасауды ұсынған

30 рет
көрсетілді

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленскийге Ресей аумағына, оның ішінде Мәскеу мен Санкт-Петербургке соққы жасауды ұсынған. Бұл туралы Financial Times басылымы екі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Басылымның жазуынша, 4 шілдеде өткен телефон әңгімесінде Трамп: «Владимир, сен Мәскеуге соққы жасай аласың ба? Санкт-Петербургке ше?» деп сұраған. Зеленский АҚШ қажет қару-жарақты берген жағдайда, Украина бұған дайын екенін жеткізген.

Осыдан кейін АҚШ өкілдері Украинаға үшінші елдер арқылы берілетін ұзақ қашықтыққа арналған қару-жарақ тізімін ұсынған.

Айта кетейік, 14 шілдеде Дональд Трамп Украинаға Patriot зымыран кешендерін жеткізуге уәде берді. Оның айтуынша, бұл жүйе елді Ресейдің әуе шабуылдарынан қорғауға көмектеседі.

Сонымен қатар АҚШ билігі Еуропа елдеріне 10 млрд доллар көлемінде қару-жарақ сату жоспарын жариялады. Бұл қаруды НАТО Украина үшін сатып алмақ.