• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 14:06

Гранд-Слэм турнирінде 8 балуан жүлдеге таласады

20 рет
көрсетілді

Дзюдодан кезекті Гранд-Слэм турнирі осы айдың 25-27 күндері аралығында Моңғолияның бас шаһары Ұлан-Батырда өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) мәліметінше, бұл байрақты бәсекеде Қазақстанның намысын 8 дзюдошы қорғайды.

Ерлер құрамасы:

Талғат Орынбасар (60 кг).

Нұрәділ Әлжан (60 кг).

Ержан Еренғайыпов (66 кг).

Бауыржан Нарбаев (66 кг).

Саят Сейтқалиев (73 кг).

Мейіржан Жұмабек (81 кг).

Ермахан Ануарбеков (90 кг).

Қыздар құрамасынан бір ғана балуан – Толғанай Әбеуова (-52 кг) қатысады.