• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экология Бүгін, 11:39

Балқаш көлінің деңгейі 32 см-ге көтерілді

10 рет
көрсетілді

Биылғы жылдың бірінші жартысында Балқаш көлінің деңгейі орта есеппен 32 см-ге көтерілді. Нақтырақ айтқанда, Балтық жүйесі бойынша 341,55 метрден 341,87 метрге дейін. Жыл басталғаннан бүгінге дейін Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасынан Балқаш көліне 8,52 млрд текше метр су жіберілген. Былтыр осы кезеңде бұл көрсеткіш 8 млрд текше метр болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше биыл Қапшағай су қоймасынан көлге жалпы көлемі 12 млрд текше метр су жіберу жоспарланып отыр. Балқаштағы су көлемі негізінен трансшекаралық Іле өзеніне байланысты, ал оның ағысын Қапшағай су қоймасы реттеп отырады. Биыл аталған су қоймасы қатарынан екінші жыл 100% толды. Былтыр бұл нысан соңғы 10 жылдан кейін алғаш рет 100% толғаны мәлім. Қапшағай су қоймасының толуы Алматы облысындағы Ақдала мен Шеңгелді суармалы алқаптарын вегетациялық кезеңде сумен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

«Балқашты сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Биыл Француз ғылыми консорциумымен бірлесіп ұйымдастырылған көл бассейнін зерттеу мақсатында ауқымды далалық экспедиция өткен болатын. Француз сарапшыларымен бірлесіп жүргізіліп жатқан жұмыс 2040 жылға дейінгі болжаммен Балқаш көлін сақтау бойынша мастер-жоспар әзірлеуге бағытталған. Бұл – былтыр Францияның Даму агенттігі және Геологиялық және тау-кен зерттеулері бюросымен бірге қол қойған үшжақты келісім аясындағы жұмыс», деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.