• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 10:21

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

40 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 21 шілде күндіз Атырау, Ақтөбе, Алматы, Астана, түнде Қостанай қаласында қолайсыз метереологиялық жағдай қалыптасады, деп жазады Egemen.kz.

Қолайсыз метереологиялық жағдай кезінде атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлар: тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия жиынтығы болып, ауа ластанады. 

Кәсіпорын 3 облыста ауа температурасы 40 градустан жоғары болатынын да ескертті. 

Түркістан облысында 42 градус ыстық болады. Сондай-ақ күндіз Атырау облысында - 41 градус, Маңғыстау облысында - 43 градус ыстық болжанған.