• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан Кеше

Жоғары білікті IT-мамандарын тарту үшін бағдарламалар іске қосылған

20 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет отырысы барысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жоғары білікті IT-мамандары үшін Қазақстанның тартымдылығын арттыру және олардың еліміздің экожүйесіне интеграциялануы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Digital Nomad Residence және Digital Nomad Visa бағдарламалары іске қосылғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бірінші бағдарлама тұруға ықтиярхатты толығымен онлайн-форматта алуға мүмкіндік береді. Бұған дейін бұл үшін елімізге өз аяғымен келуі, ЖСН мен электрондық цифрлық қолтаңба алуы және кірісін растауы талап етілетін. Бүгінде бұл процесс толықтай қашықтан жүзеге асатын болды. Өтініш беру astanahub.com және egov.kz сайттары арқылы жүзеге асырылады. ЖСН мен ЭЦҚ-ны шетелдік мекемелер арқылы да рәсімдеуге болады, кірісті растау енді талап етілмейді. Бұл шетелдік ІТ-мамандардың кіруін және заңдастыру мәселелерін айтарлықтай жеңілдетті.

Ал, екінші бағдарлама – цифрлық көшпелілерге арналған мамандандырылған виза. Бағдарлама Қазақстанда өз мамандығы бойынша 1 жыл мерзімде жұмыс істеуге және елде әрі қарай тұруға ыхтиярхат алуға мүмкіндік береді. Ол онлайн рәсімделеді және ел аумағында алғаш рет цифрлық көшпелілердің еңбек қызметін заңдастырып отыр.

Бүгінде бағдарламаға қатысуға 204 өтінім түскен екен. Алжир мен Ботсван азаматтарына алғашқы 2 виза берілген. «Бұл бағдарламалар – цифрлық таланттарды тартуға бағытталған заманауи және технологиялық көші-қон саясатын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам», деді сала министрі Ж. Мәдиев.