• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Шаруашылық Кеше

Жетісуда 2,2 тонна жем-шөп дайындалады

20 рет
көрсетілді

Жетісу облысында биыл 2,2 млн тонна жем-шөп дайындау жоспарланып отыр. Оның ішінде 1,2 млн тонна шөп, 341 мың тонна сабан, 117 мың тонна пішендеме, 203 мың тонна сүрлем және 307 мың тонна жемдік астық қамтылмақ, деп жазады Egemen.kz.

Мал азығы дақылдарының егіс көлемі – 92,5 мың гектар. Қазіргі күнге дейін өңірде 994 мың тонна мал азығы жиналды. Атап айтқанда, 82,8 мың гектар көпжылдық шөптің бірінші шабындығы аяқталып, екінші шабын жүріп жатыр. Біржылдық шөп – 7 мың гектар, табиғи шабындық – 107 мың гектар көлемінде орылды. 76 мың тонна сабан, 15 мың тонна жем және 786 мың тонна шөп дайындалды. Сонымен қатар, 117 мың тонна пішендеме басылды.

Облыстағы малды қысқа дайындау үшін 2,89 млн тонна жем-шөп қажет. Оның 653,4 мың тоннасы – өткен жылдан қалған қор. Ауылдарда шөп дайындау жұмыстары қарқынды жүруде.