Енді Ұлттық ұлан қызметкерлері eGov.kz порталы арқылы жұмыс орнынан анықтаманы онлайн түрде ала алады. Жаңа цифрлық қызмет небәрі бірнеше минут ішінде ресми құжатты рәсімдеуге мүмкіндік береді. Бұл шешім анықтама алу рәсімін айтарлықтай жеңілдетіп, уақытты үнемдейді. Енді Ұлттық ұлан қызметкерлері eGov.kz порталы арқылы жұмыс орнынан анықтаманы онлайн түрде ала алады. Жаңа цифрлық қызмет небәрі бірнеше минут ішінде ресми құжатты рәсімдеуге мүмкіндік береді. Бұл шешім анықтама алу рәсімін айтарлықтай жеңілдетіп, уақытты үнемдейді.
Қызмет тегін ұсынылады және тек Ұлттық ұландағы әскери қызметшілерге ғана қолжетімді. Өтінім толтырылған кезде қызметкердің жұмыс орны туралы деректер ақпараттық жүйелер арқылы расталса, анықтама автоматты түрде қалыптасады.
Қызметті пайдалану үшін азаматтар eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Азаматтарға», «Әскери есеп және қауіпсіздік», «Әскери қызмет» бөлімдерін таңдау керек. Содан соң Ұлттық ұланның «жұмыс орнынан анықтама» қызметін таңдап, «Онлайн сұрау» батырмасын басу қажет. Кейін «Келесі» батырмасын басып, өтінімді қол қою тәсілдерінің бірімен растауға тиіс. Ал қызметтің нәтижесі пайдаланушының Жеке кабинетінде «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде қолжетімді болады.
Егер өтініш беруші Ұлттық ұланның қатарында болмаса, жүйе себебін көрсете отырып, бас тарту туралы жауап береді. Құжаттың қолданылу мерзімі – 10 күнтізбелік күн.
Қызмет Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Ұлттық ұланының бірлескен жұмысы нәтижесінде іске қосылды.