• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Кеше

Кәсіпкерді өлтіріп, мүлкін иеленген күдікті елге жеткізілді

20 рет
көрсетілді

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігінің көмегімен аса ауыр қылмыстар, оның ішінде адам өлтіру мен қарақшылық жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматын Әзербайжаннан экстрадициялады, деп жазады Egemen.kz.

Өткен жылдың қазанында күдікті басқа адаммен бірігіп, таныс кәсіпкерді кездесуге алдап шақырған. Кездесу барысында  оны есінен танғанға дейін ұрып-соғып, жалпы құны 40 млн теңгеге жуық мүлкін иемденген. Кейін Алматы қаласының сыртына алып шығып, өлтірген.Күдіктілердің бірі ізін суытпай ұсталған болатын. Ал екіншісі жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.Осы жылдың қаңтарында ол Әзербайжан аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалған.Осы қылмыс үшін айыпталушының мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазалар көзделген.