• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Шілде, 2025

Ұлттық құрама үстел теннисінен үш медаль еншіледі

60 рет
көрсетілді

Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық ірі турнирі өтіп жатыр. Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, кезекті жарыс күнінде ұлттық құрама үш жүлде иеленді. Медальдардың үшеуі де – қола, деп жазады Egemen.kz.

Қыздар арасындағы U13 санатында Жәния Бекмұхамбетова финалға шығу үшін өткен матчта Тайбэй өкілі Ляо Юй Цзинге 0:3 есебімен жол берді.

Осы жас санатында Арайлым Сапабек те жартылай финалда ресейлік Элеонора Ширяеваға 2:3 көрсеткішімен есе жіберді.

Тағы бір қола жүлдені Нұрдәулет Азаматұлы (U13) жеңіп алды. Ол жартылай финалда ресейлік Матвей Мананковпен тартысты кездесуде (2:3) ұтылды.

Соңғы жаңалықтар