• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Алматы облысында жол апатынан 6 адам көз жұмды

30 рет
көрсетілді

Алматы облысы полиция басқармасының мәліметінше, жол апаты Алматы–Бішкек автожолының 81-шақырымында болған, деп жазады Egemen.kz.

 

Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Alphard жүргізушісі жоғары жылдамдықпен келе жатып, жүк көлігін оң жақ жолақ арқылы басып озуға тырысқан. Нәтижесінде ол қоршалған жөндеу аймағына шығып кетіп, арнайы техникамен соқтығысқан. Салдарынан автокөліктегі 5 адам мен 1 жол жұмысшысы мерт болған. 

«ҚазАвтоЖол» компаниясының хабарлауынша, жол учаскесінде жөндеу жұмыстары тиісті рұқсатнама негізінде жүзеге асырылып жатқан. Сондай-ақ, барлық қажетті уақытша жол белгілері орнатылған. 

Toyota Alphard-ты тізгіндеген жүргізуші мен бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Аймақ полициясы қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар