Төрт жылда бір келетін 29 ақпан – көпшілік үшін жай ғана күнтізбе-дегі сирек дата болуы мүмкін. Алайда Еуропада бұл күнді асыға күтетіндер баршылық.
Неге дейсіз ғой? Өйткені дәл осы күні қыздар қауымы ер адамдарға үйлену туралы ұсыныс жасауға хақылы деген түсінік бар. Бұл ерекше дәстүр Ирландиядан бастау алған. Ал қазір Ұлыбритания, Дания, Финляндия секілді елдерде осы дәстүр жалғасын тауып, арулар өз бастамасымен жігіттерге ұсыныс жасайды.