• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 11:50

Жаңаөзендегі тұңғыш мұзайдыны кешені

20 рет
көрсетілді

Мұнайлы қалада ашыл­ған бұл кешен – тек Жаңаөзен емес, Маң­ғыстау өңіріндегі ізашар жоба. Құрылысы жергілікті бюджет есебінен 2023 жылы бас­талып, 2024 жылы толық пайдалануға берілді.

Ангар типіндегі көпфунк­ционалды мұзайдынының ашылу рәсімі салтанатты жағдайда өтті.

– Мемлекет басшысы балаларды спортқа баулуға әр­­дайым ерекше мән беріп келе­­ді. Соның айқын дәлелі – бү­гінгі іс-шара. Жаңа мұ­зай­­ды­нында қысқы спорт түрле­рін дамыту мақсатында мә­нер­­леп сырғанаудан спорт шебе­рі Алена Понкратова арнайы Санкт-Петербургтен ша­қыр­тылып, осы кешенде тұрақ­­ты жаттықтырушы­лық жа­сауға келісімшартқа отырды.

Енді ата-аналарға, жаттық­тырушылар мен спорт ұйым­дарына зор сенім артылып отыр. Жас спортшыларымыз кәсіби жаттықтырушымен бірге жаңа биіктерді бағындырып, жарқын жеңістерге жететініне сеніміміз мол. Көк туымызды көкке көтеретін нағыз саңлақтар осы мұзайдынынан шыға берсін, – деді жергілікті тұрғындарды тарихи оқиғамен құттықтаған Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

Нысанның жалпы аумағы – 1100 шаршы метр, оның ішінде мұз алаңы 960 шаршы метрді құрайды. Мұзайдыны бір мезетте 500 адамды қабылдай алады. Спорттық кешенде ұлдар мен қыздарға арналған жуы­ну, киім ауыстыру бөлме­лері, жат­тықтырушылар мен ме­ди­­цина қызметкерлеріне ар­нал­­­ған кабинеттер, сондай-ақ әкім­шілік бөлмелер бар. Кешен­нің екін­ші қабатында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілеріне арналған заманауи жаттығу залы орна­ласқан. Мұнда 10-18 жас аралы­ғындағы алғашқы даярлық топтары мен жас спортшылар кә­сіби жаттықтырушылардың же­текшілігімен шынығады.

Алдағы уақытта нысанда хоккей, шорт-трек, мәнерлеп сыр­ғанау және керлинг сынды олим­пиа­далық спорт түрлерінен тегін үйірмелер жұмысын бастайды.

Жаңа спорт кешені – жаңа­өзен­дік жастарды салалық спорт­қа тарту мен жарыс жеңімпаз­дарын әзірлеуге бағытталған айрық­ша мүмкіндік.

 

Маңғыстау облысы 

Соңғы жаңалықтар