Солтүстікте жаңбыр, кей жерлерде бұршақ жауып, таңертең тұман түседі. Ал еліміздің Оңтүстігінде шаңды дауыл болжанған, деп жазады Egemen.kz.
Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу және Абай облыстарында күн райы ыстық болады. Еліміздің оңтүстік-батысында ауа райы ашық болады. Елдің оңтүстік және батыс бөліктерінде төтенше өрт қаупі сақталады.Жетісу облысының шығысында қатты жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Астанада көшпелі бұлт шығады. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай соғып, күн күркіреп, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік - батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 12 + 14 °, күндіз + 27 + 29 ° болады.Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 23 + 25 °, күндіз + 33 + 35 ° болады.Шымкентте көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жаумайды. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 21 + 23 °, күндіз + 34 + 36 ° болады.