• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ұлттық спорт Кеше

Тоғызқұмалақтан әлем кубогі аяқталды

70 рет
көрсетілді

Чехияның Пардубице қаласында 21-30 шілде аралығында тоғызқұмалақтан әлем кубогі рапид және блиц түрлері бойынша өтті. Оған Чехия, Оңтүстік Корея, АҚШ, Румыния, Түркия, Австрия, Украина, Венгрия, Қырғызстан және Қазақстаннан 60-қа жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы және Чехияның Манкала федерациясы ұйымдастырған халықаралық додада ұлттық құрама үздік нәтиже көрсетті. Рапид – әйелдер арасында: Алтын медаль:  Базаралиева Гүлнара (Қазақстан). Күміс жүлде: Егінбай Аяжан (Қазақстан). Қола: Hana Kotinova (Чехия). Қола: Elen Netfleischova (Чехия). Рапид – ерлер арасында: Алтын медаль: Ринат Керейбаев (Қазақстан). Күміс жүлде: Биғали Зкрияев (Қазақстан). Қола: Akim Nurseitov (Қырғызстан). Қола: Pavel Noga (Чехия). Блиц – ерлер арасында: Алтын медаль: Нуржан Бибатыр (Қазақстан). Күміс жүлде: Ернұр Қәріғұл (Қазақстан). Қола: Айтбаев Рахат (Қазақстан). Қола: Асылбек Қаржаубаев (Қазақстан). Блиц – әйелдер арасында: Алтын медаль: Сапарбекова Салтанат (Қазақстан). Күміс жүлде Аружан Абдыханова (Қазақстан). Қола: Меруерт Хуатқызы (Қазақстан). Қола: Намаз Ақбота (Қазақстан).

Соңғы жаңалықтар