• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 31 Шілде, 2025

Қытайлық спортшы Гиннестің рекордтар кітабына енді

30 рет
көрсетілді

Қытайлық атлет әрі фитнес-инфлюенсер Лю Вэйцян әлемді таңғалдырған жаңа жетістікке қол жеткізді. Ол бір ғана ортаңғы саусағымен 144,72 келі салмақты көтеріп, Гиннестің рекордын жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл көрсеткіш алдыңғы рекорд иесі Аруба спортшысы Эгмонд Молинаның 138,50 келілік нәтижесінен асып түскен. 

Лю Вэйцян бұған дейін де Гиннестің рекордтар кітабына кем дегенде сегіз рет енген. Міне, оның басқа да ерекше жетістіктері:

27,2 кг салмақпен бір минутта ең көп итермелеу – 36 рет; 36,2 кг салмақпен бір минутта ең көп тартылу – 25 рет; 45,3 кг салмақпен бір минутта ең көп итермелеу (сақинада) – 20 рет; Ең ауыр салмақпен тартылу – 109,2 кг; Ең ауыр салмақпен трицепс итермелеу – 154,2 кг; Ең ауыр салмақпен «шығу» (выход силой) – 44,3 кг; 18,1 кг салмақпен бір минутта ең көп итермелеу– 55 рет; 36 кг салмақпен жұдырықта бір минутта ең көп итермелеу – 72 рет.
Соңғы жаңалықтар