• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Парламент Бүгін, 12:26

Сайлаудағы жаңа ережелер: Бір мезгілде әрі депутат, әрі әкім болуға тыйым салынады

40 рет
көрсетілді

Қазақстанда мәслихат депутаты мен ауылдық округ әкіміне бір уақытта үміткер болуға тыйым салынады. Бұл норма сайлау туралы конституциялық заң жобасына енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін, 8 мамырда Парламент заң жобасын бірінші оқылымда қарап, мақұлдады.

Депутат Мәжіліс депутаты Марат Бәшімовтың айтуынша, заң жобасы сайлау науқандары барысында анықталған мәселелерді шешу және заңнаманы қазіргі әлеуметтік-саяси әрі цифрлық жағдайларға сәйкестендіру мақсатында әзірленген.

«Жаңа өзгерістерге сәйкес, сайлау комиссиясы мүшесі заң бұзған жағдайда оған ескерту беріледі, ал қайталанған бұзушылық болса, оның өкілеттігі тоқтатылуы мүмкін. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталған азаматтар сайлау комиссияларына кіре алмайды. Ұсынылып отырған өзгерістер кең ауқымды мәселелерді қамтиды және кешенді, жүйелі сипатқа ие», деді Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов Парламенттің бірлескен отырысында.

Депутат Құрылтай комитеттері мүшелерінің санын шектеуді ұсынды

Үкімет басшысының орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, үгіт-насихат жүргізу кезінде онлайн платформаларда кандидаттарға тең мүмкіндік беріледі. Партия атынан ұсынылған кандидаттар партияның ресми сайттары мен әлеуметтік желілерін қосымша келісімсіз пайдалана алады.

Вице-президентті тағайындау тәртібі: Құрылтайдың рөлі мен жаңа лауазымның маңызы

Сонымен қатар сайлау қорынан тыс қаржы тартуға тыйым салынады.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар