• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол Кеше

«Астана» мен «Қайрат» – үшінші кезеңде

130 рет
көрсетілді

УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу турнирінің үшінші кезеңінде өнер көрсеткен еліміздің қос командасы да жеңіске жетіп, жанкүйерлерін қуантты.

Кеше «Астана» Ки­шиневте Молдова­ның «Зимбруын» 2:0 есебімен ұтты. Бұл матчтағы екі гол да бірінші таймда соғылды, авторлары – Джеффри Чинеду (18-минут) мен Усман Камара (21-минут). «Астана Аренада» өткен алғашқы ойын 1:1 есебі­мен тең аяқталған еді. Сөйтіп, қос кездесудің қорытын­ды­сы бо­йынша елордалық клуб үшін­ші кезеңге шықты. Жерлес­тері­міз енді Швейцарияның ­«Лозан­насымен» күш сынасады. 

Қос кездесудің қоры­тын­дысы бойынша Фин­лян­дияның КуПС клубын қапы қалдырған Алматының «Қайраты» (сырт алаңда – 0:2, өз алаңында – 3:0) УЕФА Чем­пиондар лигасы іріктеу турнирінің үшінші кезеңінде Слова­кияның «Слованымен» кез­деседі. Олар өз кезегінде Бос­нияның «Зриньскиінен» (өз алаңында – 6:2, сырт алаңда – 2:2) басым түсті. Бір айта кетерлігі, 2013–2015 жылдар аралығында «Қайратты» жат­тықтырған Владимир Вайсс бұл күндері дәл осы «Слован» клубының бас бапкері қызметін атқарады.