Петропавл қаласында дәстүрлі Жасөпірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында садақ атудан Ұлытау облысы жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді. Олар жеңіс қоржынын 5 алтын, 1 күміс, 5 қоламен толықтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жансұлтан Марат және Айша Аршабекова жарыс барысында ең жоғары 125 ұпай жинап, 10-15 тамыз аралығында Ақтау қаласында өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.
Жасөспірімдердің жеңіс тұғырынан көрінуіне жаттықтырушы бапкерлері Сағынғали Бекетаев пен Ғалымжан Қалманбайдың еңбегі зор.
Жас мергендер Республикалық чемпионатқа арнайы облыстық іріктеуден өткен спортшылар.
Садақ ату спортының бапкерлері жарысқа дейін Жаңаарқа ауданында және Жезқазған қаласында дайындалды.
Ұлытау облысы