• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 09:50

Төңкерілген сұрақ белгісі

50 рет
көрсетілді

«Қалың қалай?» дегенді испандар «¿Cómo estás?» деп жазады. Яғни, бұл тілде сұраулы сөйлем әрдайым екі сұрақ белгісімен жазылады. Біріншісі, сөйлемнің соңында тұрады. Ал екіншісі сөйлемнің басына қойылады, бірақ… төңкерілген күйінде.

Сөйлемнің басындағы төңкерілген сұрақ белгісі оқушыға бірден «Міне, алда сұрақ келе жатыр» деп ескертетіндей. Бұл дәстүрді XVIII ғасырда Испания Корольдік академиясы бекіткен. Өйткені «ұзақ сөйлемді соңына дейін оқып барып қана сұраулы мағына екенін білу ыңғайсыз» дейді олар.