• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 15:09

The World Games-2025 жарысына елімізден 33 спортшы қатысады

30 рет
көрсетілді

Олимпиада бағдарламасына енбейтін спорт түрлерінен The World Games – Дүниежүзілік спорт ойындары өтеді, деп жазады Egemen.kz. 

Қазақстанның 33 спортшысы джиу-джитсу, карате, самбо, спорттық құзға өрмелеу, жауынгерлік өнер, муай-тай, көркем гимнастика, бағдарлау, нысана көздеу сияқты 9 спорт түрі бойынша сайысады.

34 спорт түрі мен 60-тан астам жарыс түрі енгізілген биылғы ойындарға 118 елден 5 000-ға жуық спортшы қатысады деп күтіліп отыр.

Дүниежүзілік дода – Қытайдың Чэнду қаласында осы айдың 7-17 күндері аралығында өтеді.