• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Құрылыс Бүгін, 09:25

Атом электр стансасының құрылысы басталды

30 рет
көрсетілді

Премьер-министр Олжас Бектенов «Росатом» мемлекеттік корпорация­сы­ның бас директоры Алексей Лихачёвпен кездесу өткізді. Онда елімізде бой көте­ретін бірінші атом электр стансасының құрылысы туралы айтылды.

Әуелі Олжас Бектеновке «Росатом» корпорациясының басшысы Алматы облысындағы алғашқы атом электр стансасы құрылысының басталғаны туралы ақпарат берді.

Кездесу барысында тауарлар мен қыз­меттердегі отандық қамту тетіктері, жер­­­гілікті құрал-жабдықтар мен материал­­­дар­ды пайдалану, сондай-ақ кадр­лық әлеуетті тарту, тәжірибе алмасу мәселе­лері тал­қы­ланды. Ядролық-отын циклі үдерістерін локализациялау мәселе­лері көтерілді. Сондай-ақ жетекші отандық және шетел­дік әріптестерді бірік­тіретін халықаралық консорциум қалыптастырудың тәжірибелік тұстары қарастырылды.

Ресей тарапы атом электр стансасы құрылысы аясында кооперацияның қажетті деңгейін қамтамасыз ете отырып, Қазақстан және басқа елдердің жеткізушілерімен ынтымақтасуға дайын екенін жеткізді.

Премьер-министр Олжас Бектенов атом электр стансасының құрылысы Мем­лекет басшысының бақы­лауында екенін атап өтті. Үкімет жобаны жүзеге асыруға қажетті көмек көрсетеді.