Taza.kz

# Құрылыс

Құрылыс • 24 Мамыр, 2026

Түркістанда мемлекеттік материалдық резервті сақтау базасының құрылысы басталды

Түркістан облысында мемлекеттік материалдық резервті сақтау базасының құрылысы басталды. «Резерв» РМК-ның «Заря» филиалы аумағында капсула салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрылыс • 18 Мамыр, 2026

«Банктер ипотекалық бағдарламаны қысқартуы мүмкін». Сарапшы тағы қандай тәуекелдерді айтты?

Еліміздің тұрғын үй нарығы тағы бір таразылы кезеңнің табалдырығында тұр. Биылғы 1 шілдеден бастап ипотекалық несиелердің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейі 25 пайыздан 20 пайызға дейін төмендемек. Әуелде бұл жұрт құлағына жағымды жаңалық болып естілгені рас. «Пайыз кемісе, баспана алу да жеңілдер» деп үміттенгендер аз емес. Алайда нарықтың аңысын аңдап отырған мамандар мәселенің мұнымен бітпейтінін айтады.

Құрылыс • 24 Сәуір, 2026

Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады

Кендірлідегі жаңа әуежай 2027 жылы іске қосылады. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрылыс • 09 Сәуір, 2026

Оралда көпір құрылысы басталады

Орал қаласында жаңадан салынып жатқан «Ақжайық» шағын ауданын шаһар орталығымен жалғайтын жаңа көпірдің қазығы қағылды.

Құрылыс • 07 Сәуір, 2026

Жүгері өңдеу зауытының құрылысы басталды

Сыр өңірінде жүгеріні терең өңдейтін жаңа өндіріс орнының іргетасы қаланды. Жоба агроөнеркәсіп кешенін дамыту және өңдеу саласын кеңейту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі саналады.

Құрылыс • 01 Сәуір, 2026

Енді Катонқарағайға ұшақпен жетесіз

Алып әуе кемелерін қойып, автобус бұрылмайтын Өрнек ауылының тұсында халықаралық әуежай салынып жатыр. Бұл – ауданның ғана емес, Шығыстағы туризмнің дамуына серпін беретін үлкен жоба. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен қолға алынған әуежайдың іргетасы Зайсан, Катонқарағайда былтыр наурызда қалана бастады. Бүгінде Катонқарағайдағы әуежай құрылысының 52%-ы аяқталып үлгерген.

Құрылыс • 31 Наурыз, 2026

Баспана салу бәсеңдеген жоқ

Елде тұрғын үй құрылысы қарқынын жоғалтқан жоқ. Былтыр пайдалануға берілген баспана көлемі 20,1 млн шаршы метрге жетті. Бұл көрсеткіш құрылыс нарығының тұрақты дамып келе жатқанын аңғартады. Сарапшылардың пікірінше, жеке құрылыс компанияларының белсенділігі мен ірі қалалардағы жоғары сұраныс саланың негізгі тірегіне айналып отыр.

Құрылыс • 17 Наурыз, 2026

Құрылыс нарығы: Қай компания салықты көп төлейді?

Қазақстандағы құрылыс секторы ел экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып қала береді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс секторы ІЖӨ-нің 6,1%-ын немесе 9,6 трлн теңгені құрады. Бұл ретте еліміздің құрылыс саласы бір жыл ішінде 15,9%-ға өсті, бұл – экономиканың барлық салалары арасындағы ең үздік көрсеткіштердің бірі, деп жазады Egemen.kz.

Құрылыс • 14 Наурыз, 2026

Сапасыз салынған үй сыр берді

«Қазгидромет» ескерткендей, Астанада бірнеше күн ауа райы күрт құбылып, екпіні қатты жел жұртты әбден әбігерге салды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбалардың ішінен қаладағы 9 қабатты тұрғын үйдің сыртқы жабындысы опырылып түскені баршаның назарын аударды. Көңілге демеу болатыны, зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар
Фото
Яндекс.Метрика