• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 11:28

СҚО-да интернет-алаяқтыққа қатысы бар күдіктілер ұсталды

20 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті мен прокуратураның үйлестіруімен Солтүстік Қазақстан облысында Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласында полицейлер 19 бен 24 жас аралығындағы 5 облыс тұрғынын ұстаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша ұсталғандардың еліміздің әр өңірінде, соның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында жасалған 8 интернет-алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталған, келтірілген жалпы материалдық шығын 38,5 миллион теңгені құраған.

«Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеру бағытында жұмыс жалғасып жатыр және облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында тұр», деп атап өтті СҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлнұр Ахмедьяров.