Оралда жаяу жүргіншілер қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің денесін тауып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға Зачаганск ауданындағы Бірлік көшесі, 17-үйдің жанында болған.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдайды растады.
«Орал қаласында сәбидің денесі табылған факті бойынша полицейлер анасының кім екенін анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті және оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.