• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 09:35

Аймақ ғылымының болашағы талқыланды

30 рет
көрсетілді

Қостанай облысында Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Президиумының «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» тақырыбында көшпелі отырысы өтті. Отандық және шетелдік ғалымдар, бизнес және жоғары оқу орындарының өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары саладағы мәселелерді талқылады. Жиынға Сенат депутаты Сергей Карплюк қатысты.

Қостанай – ауыл шаруашы­лығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын өңірдің бірі. Тыныс-тіршілігі осы салаға бағытталған. Енді қазір заман талабына сай инновациялар мен цифрлық технологияларды енгізіп, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ маман даярлап, ғылыми әлеуетті нығайту мәселелерін жолға қою керек.

«Қостанай облысы айтарлық­тай аграрлық және өнеркәсіптік ресурстарға ие. Дегенмен олар­дың әлеуетін толық ашу үшін ғылыми инфрақұрылымды жаңғыртып, жас зерттеушілерді тарту қажет. Бұл білім экономикасын қалыптастырудың және өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізіне айналады», деді сенатор С.Карплюк.

Жиында ғылыми-инновация­лық көрме, форсайт-сессия ұйым­дастырылған, сондай-ақ Руд­ный индустриялық универ­ситеті базасында өңірлік фор­сайт-орталығы ашылды. Саланы ғылымға бағыттау мақсатымен Ұлттық ғылым академиясы мен Ғылым қоры ынтымақтастық туралы меморандум жасасып, алдағы уақытта бірлескен жобалар мен тәжірибе алмасуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар талдамалық баяндама әзірленіп Үкіметке жолданбақ.