Компания жолаушыларға елорда әуежайындағы жоспарлы жөндеуге байланысты рейстер кестесінде уақытша өзгерістер болатынын ескертті, деп жазады Egemen.kz Air Astana компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өзгерістер ұшу-қону жолағына жасалатын жөндеуге байланысты болып отыр.
Жөндеу жұмыстары қазан айына дейін созылады:
1 қыркүйектен 4 қыркүйекке дейін; 7 қыркүйектен 31 қазанға дейін.Уақытша өзгерістер Астанаға/Астанадан Алматы, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Өскемен, Франкфурт, Дубай, Сеул, Ыстамбұл, Анталья, Бейжің, Пхукет, Нячанг рейстеріне қатысты болады.
«Рейстері өзгерген жолаушылар алдын ала хабардар етілді. Түйісу рейстерін жоғалтқан жолаушыларға ұшудың балама нұсқалары ұсынылған», делінген әуе компаниясы таратқан хабарламада.