• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:20

Қызық сәйкестік

30 рет
көрсетілді

1936 жылы шыққан «Life» журналы­ның алғашқы санында Джордж Стори есімді жаңа туған сәбидің суреті «Life Begins» («Өмір басталады») деген тақырыппен жарияланды.

Кейін журнал Джордждың өмір кезеңдерін – оның өсуін, үйленуін, бала сүюін, мансап жолындағы жетістіктерін анда-санда жариялап отырады. 2000 жылдың наурызында журнал жабылатынын жұртшылыққа хабарлап, соңғы нөмірді «A Life Ends» («Өмір аяқталады») деген тақырыппен шығарды. Ал бір айдан соң, 63 жастағы Джордж Стори жүрек талмасынан қайтыс болды.  Таңғалмасқа шараң жоқ. Өйткені осы оқиға бір адамның тағдыры мен бір басылымның тылсым тоғысы секілді. Кім біліпті, бәлкім, жай ғана кездейсоқтық шығар...