• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 16:16

Қазақстандық ескекші жаһандық жарыстың финалына шықты

60 рет
көрсетілді

Миланда (Италия) өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден 50-ші әлем чемпионатында Ұлттық құрама спортшысы Сергей Емельянов финалға жолдама алды, деп жазады Egemen.kz.

Отандасымыз жартылай финалдық бәсекенің жекелей сынында 200 метрде (каноэ) мәреге үшінші болып келді (С-1. олимпиадалық емес бағдарлама).

Енді С.Емельянов бүгін Астана уақытымен сағат 21:40-та жүлдеге таласады.

Qazsporttv мәліметінше бірінші орында испаниялық Пабло Гранья, ал екінші сатыда Польша өкілі Алексей Колядич тұр.