• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
ЖОЛДАУ Кеше

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар саудасы заңмен реттелді

20 рет
көрсетілді

Президент тапсырмаларын орындау үшін 2024 жылғы желтоқсанда нарықтың ашық жұмыс істеу ережелерін орнату үшін бәсекелестік ортаны дамытуға бағытталған Биржалық сауда туралы заң қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауар» ұғымы заңнамалық түрде енгізілді, ол энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шешуші маңызға ие. Бұл алыпсатарлықты жойып, бағаны ашық белгілеуге және отандық нарықты осы тауарлармен тұрақты қамтамасыз етуге кепілдік береді», деді сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, одан бөлек, әлеуметтік маңызы бар тауарлармен сауданы жүзеге асыруға уәкілетті биржаларды конкурстық іріктеу тетігі енгізілді. Бұл аффилиирленген құрылымдардың құрылуын болдырмайды және қатысушылардың сауда алаңдарына тең қол жеткізе алуына кепілдік береді.