• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 16:45

Roblox ойынына қатысты ата-аналарға ескерту жасалды

30 рет
көрсетілді

ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ата-аналарға интернет кеңістігіндегі, соның ішінде балалар арасында кең таралған Roblox ойынындағы ықтимал қауіптерге қатысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ата-аналарды балаларының интернеттегі әрекеттеріне мұқият болуға шақырады. Ведомствоның мәліметінше, халықаралық және отандық ақпарат көздерінде алаңдатарлық жайттар жиілеп барады: кейбір қаскөйлер ойыншы бейнесінде балалармен сенімді қарым-қатынас орнатып, оларды жасырын чаттарға шақырып, заңсыз әрекеттерге итермелеуге тырысады.

Комитет балаларды интернеттегі қауіптерден қорғау үшін ата-аналарға келесі кеңестерді ұсынады:

Балаға интернетте не істеуге болмайды?

Өзінің жеке деректерін (аты-жөні, тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі, отбасы мүшелері жайлы ақпарат) ешкімге жарияламауы керек; Instagram, Telegram, TikTok, ВКонтакте секілді әлеуметтік желілердегі күмәнді қауымдастықтар мен беймәлім чаттарға кірмеуі тиіс; Ата-ананың рұқсатынсыз, қауіпсіздігі тексерілмеген күмәнді онлайн ойындарды ойнаудан аулақ болған жөн.

Ата-ана баласының интернеттегі әрекетін қалай бақылап отыра алады?

Цифрлық бақылау құралдарын қолдану: Android құрылғылары үшін Family Link, ал iOS жүйесінде Screen Time қызметін пайдалану ұсынылады;

Баланың әлеуметтік желілердегі достары мен жазылған парақшаларын үнемі қадағалау;

Профиль суреттері, аты-жөні белгісіз немесе түсініксіз белгілер мен таңбалар бар аккаунттарға ерекше назар аудару қажет.

Ата-ана қандай мінез-құлыққа назар аударуы керек?

Бала түнде жиі оянады, ұйқысы бұзылады;

Дене жарақаттары (тілгілер, көгерулер) пайда болады, бірақ себебін түсіндірмейді;

Ашушаңдық байқалады, сөйлесуден бас тартады;

Депрессивті, агрессивті мазмұндағы видеолар көреді;

Мазасыз, қорқынышты белгілер мен суреттер салады, олардың мағынасын түсіндірмейді.

Балаға қалай көмектесуге болады?

Оның эмоционалдық жағдайын қадағалап отыру;

Балаңызбен жиі сөйлесу, оның өміріне қызығушылық таныту;

Бала кез келген уақытта ойымен бөлісе алатынын сезінуі керек;

Қайда жүгінуге болады?

102 – құқық қорғау органдары;

Мектеп психологы немесе педагогикалық қолдау орталығы;

Балаларға арналған психологиялық көмек орталығы;

Аймақтық бала құқықтары жөніндегі уәкіл;

111 – тәулік бойы жұмыс істейтін, балаларға арналған тегін байланыс орталығы.