• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет Кеше

Үкімет тауар бағасын ашық белгілеу үшін жаңа шараларды іске асыруда

40 рет
көрсетілді

Президент Жолдауында қойылған міндеттерге сәйкес Үкімет тауар нарықтарында ашықтық пен бәсекелестік орнату бағытында кешенді шараларды қабылдап жатыр, деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігі.

2024 жылғы желтоқсанда нарықтың ашық жұмыс істеу ережелерін қалыптастыру үшін «Биржалық сауда туралы» заң қабылданды. Құжат бәсекелестік ортаны дамытуға бағытталған.

Заң аясында «әлеуметтік маңызы бар биржалық тауар» ұғымы енгізілді. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтың айтуынша, бұл норманың маңызы зор:

«Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауар энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шешуші рөл атқарады. Бұл алыпсатарлықты жойып, бағаны ашық белгілеуге және ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз етуге кепілдік береді», – деді министр.

Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар тауарлармен сауда жүргізуге уәкілетті биржаларды конкурстық іріктеу тетігі енгізілді. Бұл аффилиирленген құрылымдардың пайда болуына жол бермей, барлық қатысушыға сауда алаңдарына тең қол жеткізуге мүмкіндік береді.