• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 09:05

Йемен астанасында Израиль әуе шабуылынан он адам қаза тапты

20 рет
көрсетілді

Израиль әскері бұл операцияны Қызыл теңіздегі шабуылдарға жауап ретінде түсіндіріп отыр, деп жазады Egemen.kz.

Йемен астанасы Сана қаласында Израиль әуе күштерінің соққысынан кемінде 10 адам қаза тапты. Тағы 92 адам жарақат алған. Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, ауруханаға жеткізілген 21 адамның хәлі өте ауыр.

Әуе шабуылдары барысында Президент кешені, екі электр стансасы және мұнай компаниясына тиесілі ғимарат қирады. Израиль тарапы бұл нысандардың барлығы әскери мақсатта қолданылып келгенін мәлімдеді.

Ресми деректерге сәйкес, Израиль әскері Санаға 20-дан астам әуе соққысын жасаған. Әскери операция хуситтердің Қызыл теңізде АҚШ пен өзге елдердің кемелеріне жасаған шабуылына жауап ретінде жүзеге асырылғанын атап өтті.