• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Келген қандас қамқорлықсыз қалмайды

10 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері 8 051 этникалық қазақ атажұртқа оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері елге 1 млн 156,1 мың этникалық қазақ оралды, деп жазады Egemen.kz.

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше биылғы сегіз айда  келген қандастардың 44,2%-ы Өзбекстаннан, 43,2% -ы  Қытайдан, 5%-ы Түрікменстаннан, 2,7% -ы Моңғолиядан,  2,4%-ы Ресейден келсе, өзге мемлекеттерден атамекенге қоныс аударғандардың үлесі – 2,5%.

Олардың арасында  еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны – 59,1%, ал еңбекке қабілетті жасқа толмағандардың үлесі 31,8% болса, зейнеткерлер 9,1%.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейімен саралағанда 15,7%-ы жоғары білімді, 28,1%-ы кәсіби орта білімді, 53,5%-ы жалпы орта білімді, ал оралғандардың  2,7%-ы білім алмаған.

Қоныс аударған этникалық қазақтар әр өңіріне қоныстанды қоныстанды.

Қандастар негізінен еңбек күші тапшы өңірлер: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына көшіп барды.

Қоныстандыру өңірлерінде биылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 309 адамға жетті. 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 1 286 қандас қоныс аударды.

Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшіп келуі үшін субсидия түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (275,2 мың теңге) мөлшерінде қаржылай қолдау көрсетіледі. Одан сырт  тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл бойы 15-тен 30 АЕК (59 мың-118 мың теңгеге дейін) беріледі.

Жыл басынан бері 563 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетіліп, олардың арасынан 221 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Сонымен қатар ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бағытында да бірқатар институционалдық шаралар қабылданды. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары саналатын бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға да қолдау көрсетіледі. Экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,56 млн теңге мөлшерінде біржолғы өтеусіз әрі қайтарымсыз негізде беріледі.