• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әйел әлемі Бүгін, 14:57

Бейжіңдегі әскери парадқа 26 елдің басшылары қатысады

40 рет
көрсетілді

Қытайда Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 80 жылдығына арналған әскери парадқа 20-дан астам шетелдік көшбасшы қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қонақтар қатарында – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь, Әзербайжан, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Индонезия, Ресей мемлекет басшылары, сондай-ақ Армения, Малайзия, Пәкістан, Словакия және басқа да елдердің премьер-министрлері бар. Шараға сондай-ақ КХДР жетекшісі Ким Чен Ын қатысады.

Ким Чен Ын үшін бұл көпжақты халықаралық кездесуге алғаш рет қатысу болмақ.

Бейсенбі күні өткен баспасөз конференциясында Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі КХДР-ға көпжылдық «дәстүрлі достығы» үшін алғыс білдіріп, екі елдің «аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылық жолында» ынтымақтастықты жалғастыратынын айтты.

АҚШ Президенті Дональд Трамп бұл шараға қатыспайды, алайда осы апта басында ол КХДР басшысымен кездесуге дайын екенін мәлімдеген.

31 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Қытайдың Тяньцзинь қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Оған 20-дан астам елдің көшбасшылары мен 10 халықаралық ұйымның басшылары қатысады.

3 қыркүйекте Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңында Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының 80 жылдығына арналған әскери парад өтеді. Онда Қытай өздерінің ең жаңа қаруларын, соның ішінде гипердыбысты зымырандар мен ұшқышсыз жүйелерді көрсетеді. Елдің қарулы күштерінің жаңа құрылымы алғаш рет толық құрамда таныстырылады.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына ресми сапармен баратынын хабарлаған едік.