Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінінің неліктен уақытша жабылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрдің айтуынша, музейді жаңғырту шеңберінде шатырды ауыстыру, заманауи климаттық жүйелерді орнату, паркет жабындысын қалпына келтіру және өзге де техникалық жетілдірулер жоспарланған.
«Бұл шаралар келушілер үшін барынша қолайлы жағдай жасап қана қоймай, өнер туындыларын сақтаудың заманауи талаптарын қамтамасыз етеді», деді Аида Балаева.
Осыған байланысты 5 тамыздан бастап музей уақытша жабылды. Мұндай шешім ең алдымен ел қазынасына айналған құнды жәдігерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған.
Жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткен Senim Qogamy қоры мен бас демеуші «Самұрық-Қазына» АҚ-на алғыс білдірілді. Жөндеу жұмыстарын мердігер ұйым – «Lucky Build Company» ЖШС атқарып жатыр.
Министрдің айтуынша, барлық жұмыстар аяқталған соң музей қонақтарын жаңа заманға сай, шабыт сыйлайтын, өз мәртебесіне лайық кеңістікте қарсы алады.