• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:51

Жерде магниттік дауыл басталды

60 рет
көрсетілді

Жерде G3 деңгейіне жететін күшті магниттік дауылдар басталды. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz РИА агенттігіне сілтеме жасап.

«Жер бетінде ғаламдық станциялар желісінің мәліметі бойынша, планеталық масштабтағы магниттік дауылдар ресми түрде басталды. Алдағы сағаттарда геомагниттік көрсеткіштің өсетіні сөзсіз, өйткені кейбір станциялар G2-G3 дауылдары туралы мәліметтерді алып жатыр», делінген хабарламада. 

Полярлық жарықтардың негізгі аймағы Скандинавия елдері мен Канадада қалыптасатыны атап өтілді.

Бұған дейін ғалымдар Күн бетінде екі рет плазманың тасталғанын және жұлдызда қуатты жарқылдың болғанын хабарлаған еді. Алғашқы орташа көлемдегі плазма бұлты Меркурий мен Шолпанға қарай бағытталса, екіншісі тура Жерге бет алған. Дәл осы екінші бұлт магнитті дауыл тудыруы тиіс болатын.

Мұндай құбылыстар энергетикалық жүйелердің жұмысына кедергі келтіріп, құстар мен жануарлардың қоныс аудару жолдарына да әсер етеді. Ал қуатты дауылдар қысқа толқынды байланыстардың үзілуіне, навигациялық жүйелердің ақауына және өндірістік желілердегі кернеудің тұрақсыздығына себеп болуы мүмкін. Дегенмен, магнитті дауылдардың адам денсаулығына нақты әсері бар-жоғы туралы ғылымда әзірге біржақты тұжырым жасалған жоқ.