Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, бұл сыйлық волонтерлер қозғалысын дамытуға, әлеуметтік және қоғамдық маңызды мәселелерді шешуге зор үлес қосқан қазақстандық және халықаралық волонтерлерді, волонтерлік топтар мен ұйымдарды ынталандыру және қолдауға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы шынайы жанкештілікпен көмек көрсетіп жүрген, табиғатты қорғауға, білім мен мәдениетті дамытуға, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға атсалысқан волонтерлерге табысталады.
15 номинация бойынша үздіктер анықталады:
Үздік волонтерлік ұйым;2. Корпоративтік волонтерліктің көшбасшысы;3. Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшысы;4. Үздік әлеуметтік көмекші;5. Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін;6. Із-түссіз жоғалған адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін;7. Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін;8. Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін;9. Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін;10. Білімді дәріптеуге қосқан үлесі үшін;11. Қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға қосқан үлесі үшін;12. Бейбітшілік, достық және келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін;13. Тарихи-мәдени мұраны сақтау мен дамытуға қосқан үлесі үшін;14. Жануарларды қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін;15. Әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесі үшін.Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 2 қыркүйектен бастап 21 қыркүйекке дейін жалғасады. Өтінімді «Qazvolunteer.kz» сайты арқылы беруге болады.Қосымша ақпарат пен құжаттарды тапсыру тәртібі бойынша мәліметтер +7 (7172) 740311, 741332 номерлері мен volunteer@mki.gov.kz сайтында ұсынылады.