Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов автоматты қайта қоңырау шалу – автодозвон мәселесі бойынша заңнамаға өзгерістер енгізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның айтуынша, бұл мәселе бұған дейін министрдің алдында көтеріліп, нәтижесінде Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына тиісті түзетулер дайындалған.
Жаңа ережеге сәйкес, енді абоненттерге қабылданбаған қоңыраулар туралы хабарлау тек SMS арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл өзгеріс азаматтарды мазалайтын автоматты қоңыраулар санын азайтуға бағытталған.
«Тыйым салу жеткіліксіз»: Асхат Аймағамбетов оқушылардың мектепте смартфон қолдануына қатысты пікір білдірді
Сонымен қатар заң жобасы аясында рұқсат етілмеген трафикті генерациялауға тыйым салу бойынша да арнайы нормалар қарастырылып жатыр.
Депутаттың пікірінше, халықты алаңдататын және спамға айналған заңсыз қоңырауларға құқықтық тұрғыдан нақты тосқауыл қою маңызды.