Канн кинофестивалінде жасанды интеллект көмегімен жасалған алғашқы отандық көркем фильмнің жабық көрсетілімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Higgsfield платформасында жасалған Hell Grind атты 95 минуттық туынды авторларының бірі – кәсіпкер Ерзат Дулат. Ал жобаның режиссері әрі сценарий авторы – бұған дейін «Ауру» атты хоррор фильмімен танылған Айтөре Жолдасқали.
Жоба небәрі үш аптадан аз уақыт ішінде дайындалған. Команда мәліметінше, тек алғашқы 25 минуттың өзіне 253 көрініс үшін 16 181 генерация қолданылған.
Лувр музейіндегі атышулы ұрлық туралы фильм түсіріледі
500 мың доллардан аспайтын фильм бюджетінің 400 мың доллары есептеу қуаттарына жұмсалған. Бұл көрсеткіш Голливуд стандарттарымен салыстырғанда бірнеше есе төмен.
Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілген болатын.